АҚШ-тың Сауда министрі Уилбур Росс «Аптаға» эксклюзивті сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Сауда министрі Уилбур Росс «Аптаға» эксклюзивті сұхбат берді

28.10.2018

АҚШ пен Қазақстан арасындағы алыс-берістің ауқымына көңіл тояды. Сауда-саттық көлемі жыл басынан бері 8 айдың ішінде 1,462 млрд. долларға жеткен. Былтырғы көрсеткіштен жоғары, 29 пайызға артық. Инвестициялық игілік те көп-көрім. Соңғы жарты жылда бізге АҚШ-тан 2,79 млрд. доллар шамасында инвестиция тартылған. Тағы да былтырмен салыстырсақ, 44,7 пайызға жоғары. Қос ел арасындағы қатынастың қай деңгейде екенін осы сандардан аңғаруға болар. Біздің елде АҚШ капиталы бар 500-ге жуық компания жұмыс істейді.

Енді Уилбур Россқа келейік. Былтыр ақпаннан бері АҚШ-тың Сауда министрі. 80 жаста. Шау тартса да, үлкен саланы асықша иіріп отыр. Дональд Трамп әкімшілігіндегі ең басты бизнес өкілі. Инвестициялық банкинг және жекеменшік капитал саласында 55 жыл еңбек еткен. АҚШ-тың Сауда министрі қос ел арасындағы қарым-қатынасқа қатысты «Аптаға» эксклюзивті сұхбат берді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу