«7-20-25» бағдарламасы өңірлерде қалай жүзеге асып жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«7-20-25» бағдарламасы өңірлерде қалай жүзеге асып жатыр?

14.10.2018

Баспана жыры, баспана мұңы – қазақ қоғамында бас қайғыға айналғалы қашан?! Халықтың тұрмыс сапасы басындағы баспанасымен өлшенетіні белгілі. Сондықтан да, бұл мемлекет үшін маңызды басымдық әрі күрделі мәселелердің бірі. Тәуелсіздік жылдары бізде онға жуық тұрғын үй бағдарламасы қабылданды. Оны жүзеге асыратын бірнеше квази-мемлекеттік компания тағы бар. Осылайша, жылдан жылға тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтардың мәселесі кезең-кезеңімен, жайлап оң шешіліп келеді. Наурыз айында Президент 5 әлеуметтік бастамасын жариялады. Ондағы бірінші басымдық халыққа арзандатылған тұрғын үй несиесін беруге арналды. Осылайша, аз уақытта «7-20-25» бағдарламасы қабылданып, алғашқы несиелер беріле бастады. Нұрсұлтан Назарбаев кешегі Жолдауда осы бағдарламаның іске асу барысын пысықтап, оны жетілдіре түсуді тапсырды. Бұл жұмысты жеке бақылауына алып, әкімдердің жұмысын осы бағдарламаның нәтижесімен бағалайтынын айтты. Бұл жұмыс өңірлерде қалай жүзеге асып жатыр? Бағдарламаны жеңілдететін қосымша қандай құралдар бар? Дулат Абибуллаев зерттеп көрді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу