Мемлекет басшысының Жолдауы 1997 жылдан бері жолданып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Жолдауы 1997 жылдан бері жолданып келеді

07.10.2018

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы ең алғаш рет 1997 жылы 16 қазанда жарияланды. Тура осы жылы «Қазақстан 2030» стратегиясы қабылданып, ел дамуының бағыты түзіліп еді. Барлық Жолдауларда ең жиі айтылған 10 сөз мыналар; «мемлекет», «экономика», «сапа», «инновация», «әлеуметтік», «қауіпсіздік», «бейбітшілік», «бірлік», «бәсекеге қабілеттілік» және «бизнес» деген сөздер. Президенттің ең қысқа Жолдауы 1999 жылы жасалған - 1436 сөз, ең ұзағы 2013 жылы жасалған - 15 465 сөз.

Ғаламторда Президент Жолдауына қатысты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қазір 7 миллионнан астам сілтеме бар. Сондай-ақ, 2014 жылы бір жылда екі Жолдау жарияланды. Ол 17-қаңтарда болған «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және 11-қарашада болған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдаулар. Осы жыл басында қаңтардың 10-ы күні Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялап еді. Араға 9 ай салып, екінші Жолдауын арнады.  Ол осымен – 22-ші Жолдау.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу