Осы аптада жұмыссыздық мәселесі бойынша парламенттік тыңдау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада жұмыссыздық мәселесі бойынша парламенттік тыңдау өтті

30.09.2018

Шымбайларына батар шындық болса айтайық, бізде елдегі еңбек нарығына тиісті талдау жасалмайды. Бей-берекет білім беру, яки жұртты жаппай ешқандай сұраныс жоқ мамандыққа оқыту белең алған. Осыдан келіп, табақтай дипломын ағайын-тумадан көрімдік жинап болғасын сандыққа салып тастап, өзге саладан кәсіп іздейтіндер көбейді. Біздегі министрліктер болса, бір-бірімен мүлдем ақылдаспайтын секілді. Көп ретте кеңеспей пішкен тонның келте болатынын ұмыта береді. Қараңыз, бірі ақша бөледі, келесісі сол мол қаржыны тезірек игеру үшін түрлі мамандыққа оқытады. Бір сөзбен айтқанда, әрекет әлсіз, нәтиже мәнсіз. Ал, сол керекті-керексіз мамандықтарға оқып шыққан жастар әрине, әрі қарай жұмыс іздеп, әкімдіктерді жағалайды. Жастардың ендігі тағдырына жауапты жергілікті әкімдіктер болса, статистиканы қолдан құрастырады. Нақтысы, өз қолайларына қарай жазып шығады. Осы аптада жұмыссыздық мәселесі көтерілген парламенттік тыңдау өтті. Салаға жауапты министр Мадина Әбілқасымова депутаттарды елде 8 миллион 600 мың адам еңбекпен қамтылған деп сендірді. Шын мәнінде солай ма?

 

Индира БЕКАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу