Қазақстан инвестициялық тартымдылығы жағынан Орталық Азияда көш бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан инвестициялық тартымдылығы жағынан Орталық Азияда көш бастап тұр

23.09.2018

Жаһандық қаржылық дағдарыс инвесторларға деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Халықаралық алпауыт кәсіпорындар мен трансұлттық компаниялардың мол қаржысы үшін күрес күшейді. Өйткені, ұзақ мерзімге құйылатын қомақты қаржы әсіресе, дамушы елдер экономикасының күретамырына айналғалы қашан.

Ал, Қазақстан инвестициялық тартымдылығы жағынан Орталық Азияда көш бастап тұр. Тәуелсіздік жылдары осы аймаққа ағылған шетел қаржысының тең жартысынан астамы біздің еншімізде. Инвесторлармен жұмысты күшейту үшін былтыр арнайы «Қазақ инвест» деп аталатын  ұлттық компания құрылды. Басы бүтін шетелдік инвесторлардың мәселесін шешеді. Саладағы саясаттың жыл сайын жетілдірілуі Қазақстанның тартымдылығын арттыра түскен.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу