Мемлекет басшысына елорданың алдағы даму жоспары таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысына елорданың алдағы даму жоспары таныстырылды

23.09.2018

Кеше Мемлекет басшысына елорданың алдағы даму жоспары таныстырылды. Бұл қызметіне кіріскеніне небәрі 10 күннен енді асқан Астананың су жаңа әкімі Бақыт Сұлтановтың Президент алдындағы алғашқы баяндамасы. Әкім алдымен әлеуметтік, коммерциялық, әкімшілік және тұрғын үй нысандарын салудың жоспары туралы мәлімдеді. Қаланың инфрақұрылымын  қалай дамытатынын баяндады.

Қала басшылығының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері елордада бір жарым миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген екен.

Ал, жыл соңына дейін тағы  екі жарым миллион шаршы метр тұрғын үй салынып бітпекші. Президент жаңа әкімге тұрғындарға жайлы жағдай жасауда аянып қалмауды тапсырды. Білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің қолжетімді болуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ, автотұрақтар мен жолайрықтар салу мәселелеріне назар аударды.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу