Елбасы Есеп комитетінің төрайымына мемлекет қаражатының қолды болуына жол бермеуді тапсырды

23.09.2018

Жылдың соңы жақындағанда аймақтар мен Астанадағы атқамінерлердің қазына қаржысын түгел игере алмай жанталасатыны бар. Биыл да бұл мәселе Үкіметтің бас ауруына айналып отыр. Президент сәрсенбіде бюджет қаражатының әр тиынына дейін тиімді жұмсалуын, мемлекет қаржысының орынды игерілуін қадағалайтын Есеп комитетінің төрайымын қабылдады.

Президентке комитеттің қазіргі қызметі мен мемлекеттік бағдарламаларға жасалған аудит қорытындылары, сондай-ақ, өңірлердегі тексеру комиссияларының жұмысы туралы мәлімет берілді. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қаражатының қолды болуына жол бермеуді тапсырды және тек көзделген мақсатқа бөліну қажеттігін қадап айтты.

Хабарламаларға жазылу