Осы аптада Әлихан Смайылов ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Әлихан Смайылов ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды

23.09.2018

Қаржы министрлігіне 12-ші басшы болып яғни, министр болып Әлихан Смайылов тағайындалды. Сөйтіп, сіз бен біз кезекті халық санағының қарсаңында отырғанда, талай жыл статистика агенттігі мен комитетін басқарған маман Бас қаржыгер болып шыға келді.

Ал, негізгі мамандығы математик Әлихан Асханұлы биліктің ішкі-сыртқы ведомстваларында талай жыл тәлім теріп, тер төккен тұлға. Соңғы үш жыл Президенттің көмекшісі қызметін атқарды. Бас қаржыгерді енді алда біраз шаруа күтіп тұр. Соның ең ауыры  - келер жылғы бюджетті жоспарлау мен оны Парламент алдында қорғау. Ол іс қолынан келе ме, келмей ме оған тек уақыт төрелік ететін болады.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу