Биыл жаһан нарығы тұрақсыздау болып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл жаһан нарығы тұрақсыздау болып тұр

09.09.2018

Жалпы, биыл жаһан нарығы тұрақсыздау болып тұр. Жыл басынан бері АҚШ пен Қытай бір-біріне қыр көрсетіп, миллиардтаған долларлық тауарына тариф жариялады. Азулы елдің президенті Дональд Трамп мұнымен тоқтамақ емес. Ол Қытайдың тағы 200 миллиард долларға пара-пар өнімдеріне салықты өсіретінін ескертіп отыр.  Бақылаушылардың ойынша, екі держава арасындағы «сауда соғысы»  дүниежүзілік экономиканы өсім жолынан тайдыруы мүмкін.

Ал, дамушы нарықтар қаржылық тұрақсыздыққа душар болып отыр. Аргентина, Түркия, Иранда ұлттық валюта ондаған пайызға құлдырап, инфляция ырық бермей барады. Оңтүстік Африка болса, өндірісі қысқарып, рецессияға ұшырады. Венесуэла экономикасы күйрегендіктен, миллиондаған адам көрші елдерге қашып, Латын Америкасында миграциялық дағдарыс басталды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу