Президент ШҚО-на сапары барысында аймақта жаңадан қосылған бірнеше нысанды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ШҚО-на сапары барысында аймақта жаңадан қосылған бірнеше нысанды аралады

02.07.2018

Жұма күні Президент Шығыс Қазақстан облысына сапарлады. Елбасы аймақта жаңадан қосылған бірнеше жаңа нысанды аралады және тікелей телекөпір арқылы алыс аудандарда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қазір облыста электр жабдықтарын, су қондырғыларын дайындау бойынша жаңа кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Өнімдеріне сұраныс жоғары.

Өйткені, озық технологиямен дайындалған жабдықтар еңбек өнімділігін арттырады, ал жұмсалатын шығынды біршама төмендетеді. Бұдан басқа облыста медицина саласында да жетістіктер бар. Қазір мұнда роботтардың көмегімен күрделі операцияларды жасайды. Нәтижесінде уақыт үнемделеді және адами фактордан болатын қателіктер едәуір азаяды.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу