«Qazaqstan» арнасы Ресейде футболдан өтетін Әлем чемпионатын толық көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» арнасы Ресейде футболдан өтетін Әлем чемпионатын толық көрсетеді

10.06.2018

4 күннен кейін Ресейде футболдан Әлем чемпионаты басталады. Ала допқа арбалған ағайын аламанды тағатсыз күтіп жүрген болар, қуанышты жаңалығымыз бар. Әлем чемпионатын «Qazaqstan» Ұлттық арнасы бастан-аяқ көрсетеді. Маусымның 14-нен бастап, доданың 64 матчын түгел тамашалай аласыз. Сол күні Ұлттық арнаның тікелей эфирінен «Қазмедиа орталығының» медиафасадында әлемдік доданың ашылу рәсімі мен Ресей-Сауд Арабиясы құрамаларының топтық кезеңдегі ойыны көрсетіледі. «Нұрлы жол» бульварына келіп, тарихи сәтті аспан астында тамашалауларыңызға болады. Айтпақшы, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары 2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатын да трансляциялау құқығын алды.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу