ШЫҰ саммитіне қатысуға 12 елдің басшылары келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ саммитіне қатысуға 12 елдің басшылары келді

10.06.2018

Бірі Циндао дейді, бірі Шиңдао дейді. Сары теңіздің самалымен тыныстап тұрған шаһар. Он миллионға жуық тұрғыны бар. Осы бір өз табысы өзіне жетіп тұрған іскерлік әрі туристік қаланың тіршілігі неше күннен бері қатаң тәртіпке көшкен. Келген қонақтардың барлығына айрықша құрмет көрсетіп, барлық жағдайды жасап бағуда. Саммит жұмысына қатысуға он екі мемлекеттің басшылары келді. Оның сегізі осы ұйымның толыққанды мүшесі. Олар: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан және Пәкістан. Қалған төрт мемлекет бақылаушы елдер. Беларусь, Иран, Ауғанстан және Моңғолия.

Былтырдан бері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Қытай тарапы төрағалық етті. Бүгінгі жиын соның қорытынды есебі. Дайындықтары аса жоғары. Шартарапқа хабар тарату үшін аумағы 35 мың шаршы метр болатын баспасөз орталығы жұмыс істеп тұрды. Шамамен 3 мың шамасында ақпарат құралдарының өкілдері тіркелген. Қаралған мәселелер өте ауқымды. Жалпы, осы саммит барысында бірнеше жілікті құжатқа қол қойылып, нәтижесінде «Шиңдао декларациясы» қабылданды.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу