Астана экономикалық форумында бас-аяғы 76 шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана экономикалық форумында бас-аяғы 76 шара өтті

20.05.2018

Бұл форум Қырғызстаннан бір ғалым, Ресейден екі ғалым шақырып алып, оған «халықаралық конференция» деп ат қойып, айдар тағатын мәселе шешпейтін мағынасыз мәслихаттармен салыстыруға келмейді. Конгреске 111 елден 5000 адам қатысты. Экономикалық форум жайлы ақпарат таратқан журналистер саны 1000-ға жуықтады. Олардың 120-ы шетелдік БАҚ өкілдері. Бағдарлама ауқымдырақ, адам саны да көбірек. Мәселен, былтырғы форуммен салыстырсақ, биыл жиын жылдағыдай 2 күн емес, 3 күнге жалғасты.

Өткен жылы форумға қатысушылар 3 бағыт бойынша пікір таластырса, бұл жолы ол 11-ге жетіп отыр. Форум тарихында тұңғыш рет іскерлік бағдарлама кеңейіп, бас-аяғы 76 шара өтті. Айта кетерлігі, биылғы жиында жастарға баса назар аударылды. Студенттерге әлемнің беделді деген тұлғалары дәріс оқыды.  Жалпы, 2008 жылдан бері елордадағы елеулі жиынға жүзден аса мемлекеттен 50 мыңдай делегат келген екен. Олардың ішінде 20 Нобель сыйлығының иегері, 30 шетелдік жоғарғы деңгейдегі саясаткер бар. Конгресс шеңберінде 20 млрд. доллардан асатын сомаға 300-дей меморандумға қол қойылған.

Нұрбол ҚАПЕШОВ

Хабарламаларға жазылу