Елбасы Астана экономикалық форумында ғаламды дамытуға үлес қоса алатын 5 негізгі мегатрендті жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Астана экономикалық форумында ғаламды дамытуға үлес қоса алатын 5 негізгі мегатрендті жариялады

20.05.2018

Бейсенбіде әлемнің ақыл-ойлылары мен абыройлыларын жинаған Астана экономикалық форумы кеше қадірлі қонақтарын шығарып салды.  Жалпы,  дәл қазір жиһанда экономикалық талқы жасайтын салмақты және салиқалы жиындар көп. Сол көптің ішінде 47 жылдық тарихы бар Давос форумы дара тұр. Қытай мен Жапон бастамасымен құрылған  Боао Азиялық экономикалық форумы, сосын 20 жылдан бері көрші Ресейде өтетін Санк-Петербург форумы да салмақтылардың бірі. Осылардың қатарына 10 жыл бұрын Астана экономикалық форумы қосылған еді. Одан бері ширады, ысылды. Қазірдің өзінде тереңге тамыр жіберген әлгі форумдармен теңесіп, тіпті, кейбір мәселеде даралық танытып отыр. Олар ескермеген-елемеген дүниелерді қамтып келеді. Олқылығын толтырып жүреді.

Мысалы, Давос форумы секілді жабық саясат ұстанбайды. Айтылған ой-пікірлер айтылған жерінде қалмас үшін жиын қорытындысы бойынша «үлкен жиырмалықтың» отырысына ұсыныстар әзірлейді. Әрі Давос құсап делегаттардың қалтасына қарамайды, ешкімнен  ақы талап етіп, жарна сұрамайды. Келемін, көремін, айтарым бар дегеннің ешбірін қолдан қағып, тілден тұсамайды.

Сонымен қатар, Боао Азиялық форумындай географиялық тұрғыда шектелген емес. Яғни, Астана форумында Азия құрлығының ғана емес ғаламдық мәселелер талқыланады.  Биыл 11-ші мәрте қамшы қаққан экономикалық форумнан Қазақ президенті де қалыс қалған емес. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы әлемдік ақылмандардың алдында ғаламды дамытуға үлес қоса алатын 5 негізгі мегатрендті жариялады. 

Сонымен, 5 мегатренд не жайында? «Global Challenges Summit 2018» қандай жілікті тақырыптарды талқыға салды? Ғабит Ұзақбайдың сюжетінде.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу