Несиені жоғары үстемемен беретін банктерге енді мемлекет тарапынан қолдау көрсетпейді - Елбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несиені жоғары үстемемен беретін банктерге енді мемлекет тарапынан қолдау көрсетпейді - Елбасы

22.04.2018

Банк қаржы институты ғана емес, коммерциялық ұйым. Демек, пайда табатын жер. Бірақ, біздің елдің банктеріне мұндай іскерлік бұйырмай тұр. Қашан көрсең, қолын жайып, қордан ақша сұраумен келеді. Дамыған елдерде олай емес. Өз күндерін өзі көріп, өздері халыққа «арзан үстемемен несие алшы» деп жалынып жүргені... Ал, бізде керісінше. Пайыздық үстемақысын көрсең шошисың. Халықтың қалтасын қағып, күнтелтеді. Мемлекет пен шетелден арзан мөлшерлемемен алатын қарызын халыққа үш еселеп үлестіреді. Отандық банктерге базынасы бар халық қажыған, қазір. Амалдың жоқтығынан, тарығып, қысылған соң несие алады. Әйтпесе, айлығы шайлығына жетіп тұрса, банк жағалап несі бар жұрттың? Ал, банк болса, жоғарыда айттық, пайызбен айызын қандырып, қалтасын қамитып жүре береді. Сондай банктерге енді мемлекет тарапынан қолдау мүлдем көрсетілмейді. Мұны Ақордада ақша саясатына қатысты өткен алқалы жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев кесіп айтты. Жалпы, мемлекеттің арқасында байып жатқан банктер туралы «Апта» бағдарламасы аракідік болсын айтып жүр. Айта да бермек. Сонымен, осы жолы қандай банктердің басына бұлт үйірілмек?

 

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу