Қарқаралыда мал шаруашылығы дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарқаралыда мал шаруашылығы дамып келеді

23.12.2014
Қарқаралыда мал шаруашылығы дамып келеді

Мәселен, осы өңірге қарасты шаруа қожалығы шетелден ангус тұқымды сиырлар әкеліп өсіруде. Сөйтіп, малдың санын көбейтіп, ет пен сүт экспортын арттырмақшы.

Жалпы, қазір аудан бойынша 77 мыңға жуық сиыр, 245 мыңға таяу қой-ешкі, 40 мыңнан астам жылқы бар.

Төрт түлік санының өсуі нәтижесінде соңғы жылдары мал өнімі де анағұрлым артқан.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу