Үкімет Президент жариялаған «Бес бастаманы» жүзеге асырудың «Жол картасын» мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет Президент жариялаған «Бес бастаманы» жүзеге асырудың «Жол картасын» мақұлдады

18.03.2018

Осы аптада Үкімет Президент жариялаған «Бес бастаманы» жүзеге асырудың «Жол картасын» мақұлдады. Әрбір бастамаға басымен жауапты министрліктер өздерінің ұсыныстарын және дайындаған жобаларын жариялап, іске асырудың алғашқы қадамын бастады. Оның ішінде іргелісі һәм күрделісі - бірінші бастама – халықты арзан несие арқылы баспанамен қамту. Өйткені, нарықтағы банктер арқылы бұл жобаны жүзеге асыру қиындау. Себебі, олардың несиелендіру механизмдері жоғары пайызбен жүйеленген. Яғни, Қазақстанның екінші деңгейлі банктері үшін 7 пайызбен несие беру банкротқа отырып, құрдымға кеткенмен бірдей. Мұны мемлекет те біліп отыр. Сол себепті, жеке қаржылық капиталы болатын дербес қаржы агенттігі құрылады. Оған Ұлттық банк жауапты. Мәселе осылай шешілуі мүмкін. Бірақ, нақты ережесі мамыр айында жарияланады. Ал, Астанаға газ тарту бойынша алғашқы дәнекерлеу жұмысы осы шілде айында басталады. Бір-біріне жалғанған газ құбырлары бұйырым болса, келер жылдың желтоқсанында Астананың іргесіне жетеді. Әрі қарай тұрғын үйлерге жеткізу жұмысы басталады. Жалпы, осы «Бес бастаманы» жүзеге асыру бойынша Үкімет қандай амалдарды қарастырып жатыр?

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу