Жұрттың жадында жатталған дикторлар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұрттың жадында жатталған дикторлар

18.03.2018

Қадірлі көрермен, Қазақ телевизиясының 60 жылдық меройтойына орай, осы салаға ғибратты ғұмырын арнаған талантты тұлғаларымызды барынша түгендеп, қал-қадіріміз келгенше қамтып көрсеттік. Алдыңғы толқын, аға буын ардагерлердің ізгі жолын ізеттілікпен шолып шықтық. Себебі, 60 жылда Қазақ телевизиясында қара сөзден құйын тұрғызар тілі өткір талай тілші, дарынды диктор және талантты таспагер мен эфирдің реңін реттер режиссерлер шықты. Олардың электронды ақпарат құралдарын қалыптастырып, дамытудағы еселі еңбегі ерекше. Сондықтан да, «Апта» сараптамалық орталығы бұл жолғы рейтингіні кәсіби мерейтойға қатысты етіп жасауды жөн көрді. Тоқсаныншы жылдардан бері телеарна саласында қызмет еткен медиа майталмандардың рейтингін түзді. Олар әлбетте, ел есінде қалған, жұрттың жадында жатталған жандар. Сол жылдар сөзсіз естеріңізде болар? Көгілдер экранның көркі болған кімдер еді?

Хабарламаларға жазылу