Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тасқын суға қарсы құрал-сайманның дайын екенін жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тасқын суға қарсы құрал-сайманның дайын екенін жеткізді

25.02.2018

Үкіметте арнайы баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тасқын суға қарсы құрал-сайманның дайын екенін жеткізді. Осы күні 8,5 мың тонна жанармай отыны, 123 мың тонна инертті материалдар, 759 мың қап дайындалған. Бұдан басқа мұз бен сірескен қарды жару үшін 6,5 мың тонна жарылғыш заттары қоса әзір. Барлық облыстардың резервтерінде жалпы сомасы 25 млрд теңгеге жуық қаражат бар. Құтқару қызметі сапында 15 мың адам, 2 мың бірлік техника және 600 жүзу құралдары сақадай-сай тұр. Биыл қар аз, қауіптің болу себебін жоғарыда айтып өттік. Мысалы, былтыр қарға қарқ болдық, қалың жауды. Салдарынан 87 елді мекенде мың жарым үй су астында қалды. Келген залалды қалпына келтіру үшін 5,5 млрд теңге қаржы бөлініп және ол игерілді-мыс. Ал биылғы шығын мен қауіп былтырғыдай бола қоймас.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу