Мемлекет басшысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен жеке кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен жеке кеңес өткізді

11.02.2018

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Мемлекет басшысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен жеке кеңес өткізді. Онда қарапайым халықты күнделікті толғантатын ең маңызды мәселелер талқыланды. Президент әсіресе, азық-түлік бағасын бақылау, тарифтерді реттеу мәселесін назарда ұстауды ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев биыл қыста халықтың отын-суға жарымай, көмір таппай сандалғанын айтып, бұл келеңсіздік аймақ басшыларының дер кезінде шара қолданбағандығынан орын алғанын айтты. Әрі көп кешікпей көктем келетінін тілге тиек етіп, өңірлерде су тасқынына әзірлік пен егістік алқаптарына қажетті су қорын жинауға қамдану қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар, биылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдірген елімізде жергілікті елді мекендердің өзі қазынасын қалыптасыруға мүмкіндік берілді. Осы және басқа да мемлекетітк маңызы бар бағдарламалардың өңірлерде өнімді іске асуы аймақ басшыларына тікелей байланысты екенін ескертті.

Хабарламаларға жазылу