Астанада «Елді жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» ұлттық телекөпірі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Елді жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» ұлттық телекөпірі өтті

10.12.2017

2010 жылы Қазақстанда үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Кейін инновациялық деген сөз түсіп қалды да, тек таза индустрияландырумен айналысамыз деп шештік. Мұндай шешімнің өз логикасы бар. Инновациямен айналысу үшін экономикалық қажеттіліктерге негізделген ғылым қажет.

Жекелеген өнертапқыштар бұл мәселені түбегейлі шешуге қауһарсыз. Тіпті, ондайлар болғанның өзінде, ғылыми жаңалықтарды одан әрі өндіріске енгізе білетін кәсіби кадрлар керек. Алғашында көп қаржылай шығынды қажет ететін инновациялық жобаларға кәсіпкерлер аяқ баспады. Оларға дәстүрлі бизнес түрлерін дамыту тиімдірек болып келді. Алдымен сауда-саттық, делдалдық бизнес өркендеді. Бірақ, оның дәурені өтіп бара жатқанын бүгінде бәрі сезе бастады. Нағыз табыстың көзі өндірісте екенін кәсіпкерлер де түсінді. Соны ескерген билік «Жаңа индустриялизация» атты бағдарлама қабылдап, «өндіріс ошақтарын ашамын» деген кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге көшті.

Осы аптада Астана қаласында «Елді жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» ұлттық телекөпірі өтті. Шара аясында еліміздің барлық өңірімен тікелей байланыс орнатылып, Индустрияландыру картасының ең маңызды нысандары көрсетілді. Олардың қатарында металлургия, өнеркәсіп, құрылыс материалдары, машина жасау, көлік және логистика салалары бойынша 25 жоба бар. 

 

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу