Еліміздің барлық шекара периметрінде жоспарлы операция жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық шекара периметрінде жоспарлы операция жалғасып жатыр

29.10.2017

Дипломаттардың мақсаты - елдерді жақындастырып, интеграциялық байланыстарды дамыту. Алайда, интеграциялық процестер мен түрлі экономикалық одақтар тауарлардың еш қадағалаусыз жүруіне жол беру дегенді білдірмесе керек. Керісінше, мұндай одақта бәрі ашық, тіркелген, салығы төленген тауарлар ғана жүруі тиіс. Тауарды астыртын тасымалдап, ел ішінде сатуға жол берілмеуі керек.

Бұған экономикалық одақ құрам деген барлық тараптар мүдделі болуы тиіс. Қазақстан өзінің және өз одақтастарының мүддесін әрқашан да қорғап келеді. Бұл туралы Ереванда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев та мәлімдеді.

Тіпті, деректерді жіпке тізгендей қылып ашып айтты. Сол үшін де еліміздің барлық шекара периметрі бойынша жоспарлы операция әлі де жалғасып жатыр.

Мұндай шаралар шекараның ашықтан ашық жатқанын қалайтын және сол арқылы контрабанда тасуды көздейтін тараптарға ұнамайтыны бесенеден белгілі. Тіпті, оған саяси астар беріп те жатқандар бар. Сондай даулы болған шекара аймақтарының бірінде тілшіміз Мирас Мұқаш бір апта бойына болып, бүкіл мән-жайға қанық болып қайтты. Әңгіме қазақ – қырғыз арасын жалғаған «Қордай» шекара бекеті жайлы болмақ.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу