Қытай Компартиясының 19-шы съезі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Компартиясының 19-шы съезі аяқталды

29.10.2017

Онда қазіргі төраға тағы 5 жылға қайта сайланды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге құттықтау жолдап, Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық қатынастардың әрі қарай да қарқынды дамып, екі халықтың достығы нығая түсетініне сенім білдірді.

Тағы бір айта кететін жайт, Си мырзаның есімі мен саяси ойлары елдің Конституциясына енгізілді. Мұндай құрметке осыған дейін Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин ғана ие болған екен. Дегенмен, әлем баспасөзі мен сарапшылары осы конгрессте Қытайдың келешекте болатын басшысын, мұрагерді көруден үміттенген еді. Бірақ, Политбюроның тұрақты комитетіне ондай адам әзірге енбеген секілді.  Оны қалай байқауға болады?  Толығырақ Арыстан Рысбектің материалында.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу