Қырғызстанда бүгін президент сайлауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда бүгін президент сайлауы

15.10.2017

Қырғызстанда бүгін президент сайлауы. Таңғы 8:00-де басталған саяси науқан енді санаулы минуттардан кейін аяқталады. Елдің мемлекеттік тіркеу қызметінің мәліметінше, Қырғыз Республикасының 5-ші президентін сайлауға 3 миллион 25 мың 768 дауыс берушінің қатысу мүмкіндігі болды.

11 үміткер бақ сынаған бүгінгі сайлауда республика бойынша 2 375 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 234-і ел астанасы Бішкекте орналасқан. Сағат 20:00-ден кейін бюллетендер саналатын болады.

Ал сағат 21:00-ге дейін сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялау жоспарланып отыр. Ал, кімнің аты бәйгеден бірінші келгені толығымен 4-ші қарашаға дейін анықталады. Айта кетейік, осыған дейін, 12-ші қазаннан бастап Бішкектегі ішкі істер органдарының барлық құрамы күшейтілген режимге өткені хабарланған болатын.

Хабарламаларға жазылу