Дамудың даңғыл жолына түскен Қызылорда облысының көрсеткіштеріне Президент оң баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дамудың даңғыл жолына түскен Қызылорда облысының көрсеткіштеріне Президент оң баға берді

08.10.2017

Ақтөбеден кейін Елбасы жұмыс сапарымен Қызылорда облысына ат басын тіреді. Бара салысымен Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту жобасымен танысып, облыс орталығына қайтар жолда күрделі жөндеуден өткен «Қорқыт ата» кесенесіне соқты.

Мемориалдық кешендегі музейді аралады. Президент сондай-ақ, өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысан мен өндірістік кәсіпорындарды аралап көрді. Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан нысандардың құрылысымен де танысты. Дамудың даңғыл жолына түскен Қызылорда облысының көрсеткіштеріне Президент оң баға берді. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. Өйткені, бұл халықтың әлеуметтік әлеуетін арттырып, өңірдің өркендеуі үшін жасалып отырған игі қадамдар. 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу