Осы аптада Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

08.10.2017

Қыркүйектің соңында Жамбыл облысы мен Алматы қаласын аралап қайтқан ел Президенті осы апта тағы да аймақтарды инспекциялауға шықты. Алдымен Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбеге тоқтады. Облыста атқарылып жатқан шаруалармен танысып, ақтөбелік еңбекші қауыммен кездесті. Тұрмыс жағдайларымен танысты.

Жалпы, Ақтөбе ел экономикасында ерекше орны бар облыс. Республикалық бюджеттің бойына қан жүгіртіп отырған 4 донор өлкенің бірі. 60-тан астам тек қана ірі кәсіпорын шоғырланған бұл облыста.

Индустриялдық-инновациялық бағдарлама аясында аймақта соңғы 1 жылда тағы 8 өндіріс орны ашылды. Соның арқасында 400-ден астам ақтөбелік жұмыс тапты.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу