Осы аптада Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады

01.10.2017

Сәкен Жасұзақов Президентке еліміздің қорғаныс саласының қазіргі ахуалы мен министрлік жұмысы жайында есеп берді.

Сондай-ақ,  ведомство басшысы Жоғарғы бас қолбасшыға «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қорытындысы туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде ақпарат берді. 

Одан бөлек, Президент «Назарбаев университетінің» ректоры Шигео Катсуды қабылдады. «Қазақстан экономикасы ғылыми жаңалықтарға сүйеніп жұмыс істеуі тиіс. Ал, ол үшін отандық ғылымның дамығаны қажет. Университет Қазақстандағы ғылымның дамуына барлық жағдай жасап, оның ұйтқысы болуы керек,- деді Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу