Елбасыға «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасы таныстырылды

17.09.2017

Цифрлық трансформациялау негізгі төрт бағытты қамтиды. Алғашқысы экономиканың базалық салаларын цифрландыру, сосын мобильді мемлекетті дамыту, үшіншісі, креативті қоғамды жетілдіру, яғни, қарапайым халықтың цифрлық сауатын ашу, соңғысы, саланы қажетті инфрақұрылыммен жабдықтау. Мемлекет басшысы осы тақырыптағы арнайы көрме жұмысымен танысты. Жалпы, бұл жүйеге өтуді еліміз бұған дейін бастап кеткен. Мысалы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары соның айғағы. Сол «бір терезе» қағидасымен талай шаруа жылдам шешілді, адамдардың уақыттары үнемделді. Ендігі кезеңнің мақсаты тіптен бөлек. Оған технологиялық тұрғыдан Қазақстанның мүмкіндігі жетеді. Өйткені, ғарышта өз жерсерігі бар.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу