Еліміздегі еңбек мигранттары Алматы, Астана секілді ірі қалаларда шоғырланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі еңбек мигранттары Алматы, Астана секілді ірі қалаларда шоғырланған

10.09.2017

Мәселен, тек Астананың өзіне жыл басынан бері 64 мың гастарбайтер келген. Бұл заңды тіркелгені ғана. Ал, «сайда саны, құмда ізі жоқ», заңсыз мигранттар қаншама. Осы келушілердің 70 пайызы Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары екен.

Мәселен, «Астана-Қарағанды» тасжолының бойымен күн сайын өзбек жұмысшыларын тиеген кемінде екі автобус қалаға келіп кіреді. Солардың бірнешеуімен тілшіміз Шынар Асанқызы кездесіп, Қазақстандағы мигранттің жай-күйін біліп қайтты. 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу