Осы аптада интернет басылымдарда ең көп оқылған мақалалар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада интернет басылымдарда ең көп оқылған мақалалар

09.07.2017

Abai.kz порталында жарияланған «Салафизм «ұлт» ұғымын жоққа шығарады» атты мақалада автор шектен шыққан көзқарастарды ұстанатын идеологиялық ағымның ұлтаралық, дінаралық қатынастарға жік түсіріп, мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына қауіп төндіретінін айта келе, «дін мен ұлттық мүддені бөліп қарауға болмайды» деп қорытындылаған.

Сондай-ақ, Abai.kz-те жарық көрген «БАҚ ұры-қарыдан рұқсат сұрайтын халге ұшырамақ па?» деген мақалаға зер салынды.

Тақырыптың жалғасы ретінде «Терминком тілімізді тұқырта бермесін» атты еліміздің мәдениет қайраткері Мырзан Кенжебайдың мақаласын айтуға болады. Қазір көп сөздің қазақ тілінде дұрыс баламасы жоқ, яки халықаралық термин деп мүлде аударылмаған. Автордың айтуынша, бұл – ұлттық сөздік қорын құрту.

Qazaquni.kz сайтына шыққан «Көшті қабылдауға жеті облыс дайын» мақаласы да көптің назарын аударды. Автордың айтуынша, шеттен көшіп келіп, шаруашылықпен айналысамын деген ағайынға Үкімет айқындаған жеті облыстағы ауылдардың есігі айқара ашық, Заң аясында барлық жағдай жасалған. Алайда, шеттен келген ағайын бұл облыстарға қоныстануға асықпайтын секілді.

«Қызылордада ауа температурасы 75 градусқа дейін көтеріледі». Жұрт жапа-тармағай оқыған, таралым жағынан да көш бастаған мақала – осы. Qamshy.kz порталында жарық көрген мақалада халыққа алдағы 5 күнде Сыр өңірінде бұрын-соңды болмаған аптап ыстық болатынын хабарлайды.

Хабарламаларға жазылу