«Болашақтың энергиясы» атты халықаралық көрмеге қатысушылардың тақырыпты ашудағы ерекшеліктері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақтың энергиясы» атты халықаралық көрмеге қатысушылардың тақырыпты ашудағы ерекшеліктері

18.06.2017

Болашақтың энергиясы-«жасыл» энергия, адамзат баласын шикізатқа тәуелді қылмайтын ақылды энергия. Жел, күн, ауа. Тіпті, адам бойындағы күш-қуатты тиімді пайдаланса оны энергия  көзіне айналдыруға болады. Қарапайым ғана мысал, теледидар көргің келе ме, велосипед теп.

Велосипедтің барлығы бірдей қозғалғанда ғана экранда тұтас фильм  пайда болады. Бұл Австрия павильоны. Қызылды-жасылды, көңілді әлем. Бұл жердің жұмысын алып  машинаға теңеуге болады. Кішкентай жел диірмендері де, теледидар да адам қуатымен ғана жұмыс істейді. Австрия баламалы энергия көздерін пайдалану мен оны үнемдеу жағынан алдыңғы қатардағы ел. Бірақ көрмеге ондай озық жетістіктерін әкелмеген. Технологиялар қуат таратқанымен, әлемдегі негізгі күш-қуат иесі адам екенін көрсету. Біздің мақсатымыз осы»,-дейді жоба авторлары.

«ЭКСПО - өнертабыстар мен әділ бәсекенің алаңы. Қай елдің павильоны қызық, халық сонда көп жиналады. Халықты жинау үшін көрме алаңында түрлі шоулар да ұйымдастырылған. Жай ғана шоу емес, танымдық, адамға ой салатын бағдарлама. Мәселен, Швейцария ұлттық тағамы «Рештиді» дайындап көрсетеді. Суға бұқтырылған картопты қуырып, келгендерге дәм татқызады. Мұнда ешқандай инновация жоқ. Бірақ, олар картоптың қабығын арнайы ыдысқа салып, зауытқа жібереді. Ал, картоптан биогаз өндіріледі. Бұл елде биогазбен жүретін автобустар көп. 100 келі картоп қабығынан өндіріліп алынған қуат 150 шақырым жол жүруге мүмкіндік береді.

Айнұр ОМАР      

Хабарламаларға жазылу