Сананы жаңғыртуға бағытталған 6 бастаманың алғашқысы - латын әліпбиіне көшу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сананы жаңғыртуға бағытталған 6 бастаманың алғашқысы - латын әліпбиіне көшу

28.05.2017

Бұл шаруамен айналысатын жұмыс тобы комиссияның бірінші отырысында жасақталған. Енді жыл соңына дейін ғалымдар бұқарамен бірлесе отырып, әліпбидің нақты нұсқасын бекітеді. Оны қолданысқа енгізу келер жылдан басталып, 2025 жылы толық аяқталатын болады. Жиынға топ жетекшісі нақты ұсыныстардың тізбесін жасай келді. Сөзінен түйгеніміз, латын қарпіне көшуді қазақ тілінің өзіндік ерекшелігіне сүйенген әліпби түзу деп түсінген абзал.

Ұлттық комиссия Қазақстанның саяси тәжірибесінде жиі құрыла бермейді, тек ерекше жағдайларда ғана жасақталады. Соңғы жылдары Ұлт жоспары және саяси модернизациялау жөнінде, сосын рухани жаңғыру мәселелері бойынша құрылды. Бұл жолғы комиссияның жұмысы елдің жаңғыруы мен өзгеруіне бағдар беретін салмақты тұжырымдамасымен ерекшеленуі тиіс. Ол үшін бюджеттен 591 миллион теңге бөлініп отыр.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу