Жергілікті атқарушы органдардың қызыл суға қарсы жасап жатқан қам-қарекеті қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жергілікті атқарушы органдардың қызыл суға қарсы жасап жатқан қам-қарекеті қандай?

02.04.2017

Соңғы жылдары көктем келіп, күн жылынса көлкіген қызыл судан көз ашпайтын болдық. Еліміздің бірқатар өңіріндегі халық қара судың қаупінен қорқып, жанын шүберекке түйіп отырады. Биылғы көктем көңілді тіпті күпті етіп отыр. Жұртты «қалың түскен қар күн жылына қасіретке айнала ма?» деген секем мазалайды. Өйтпегенде ше?! 2010 жылы Алматы облысындағы Қызылағаш елді мекенінде 44 адам, ал, 2014 жылы Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылында болған су тасқынынан 5 адам қаза тапты. Ал, су шайып кеткен үйлер мен қырылған малдар қаншама? Азаматтарымызға келген материалдық залал, мемлекетке келген шығын миллиардтаған теңгемен өлшенеді.

Міне, бірнеше күн болды Қарағанды, Павлодар облыстарында қызыл су жүре бастады. Ал қалың қарға көктемгі жаңбыр қосылса, қауіп еселене түседі. Алдында атап өткен екі үлкен қасірет те бөгеттің жарылуынан болған еді. Ал, елдегі сол тәрізді бөгеттердің бүгінгі дайындығы қандай?

Қазақстан бойынша қазір 309 су қоймасы бар. Оның 83-і мемлекет қарауында болса, 191-і - коммуналдық меншікте. Ал, қалған  35-і болса жекеменшіктің үлесінде. Қызылағаш пен Көкпекті оқиғасынан кейін билік «дамбы, бөгендерді меншікке алғандарға талапты күшейттік» деп алаң көңілді бір басқандай болып еді. Енді сол жергілікті атқарушы органдардың жасап жатқан қам-қарекеті мен су шая бастаған өңірілердің ахуладарына назар аударсақ.   

 

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу