Ертең Елбасының Бакуға мемлекеттік сапары басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Елбасының Бакуға мемлекеттік сапары басталады

02.04.2017

Осыдан бірер сағат бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мінген ұшақ Баку халықаралық әуежайына келіп қонды. Ертең Елбасының осы елге мемлекеттік сапары басталады. Екі ел Президенттері екеуара келіссөздер кезінде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақты одан әрі нығайтып, серіктестік байланыстың жаңа көкжиектерін талқылайды деп жоспарланған. Сонымен қатар, екі елдің Үкімет мүшелері бірқатар саладағы ынтымақты нығайту үшін екіжақты келісімдер жасап, басшылар бірлескен мәлімдеме қабылдайды.

Осы аптада Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барып, Әмірліктің вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті. Тараптар қос елдің сауда-экономикалық, қаржы және инвестициялық салаларын талқылады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Дубай халықаралық  қаржы орталығымен тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып, Астана қаржы орталығымен тығыз байланыс орнату керектігін айтты.

Хабарламаларға жазылу