Шекарада жатқан Нарынқол елді мекенінің қазіргі ахуалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарада жатқан Нарынқол елді мекенінің қазіргі ахуалы

19.03.2017

Жетісу өңірінің ең шалғай елді мекендерінің бірі  - Нарынқол. Хан Тәңірін елестетсеңіз, көз алдыңызға ең алдымен осы Нарынқол келеді. Кеңес тұсында да, одан бергі, яғни, 20 жылға жуық уақыт бұрын да Райымбек деген ауданның орталығы болып дәурені дүрілдеді.

Негізгі кәсібі мал өсіріп, егін салу болатын. Әлі де солай. Бірақ, бұрынғыдай емес. Ауылда қазір 236 жеке шаруа қожалығы ғана бар. Сол шаруалар өздеріне тиесілі жерін баптап, қолдағы азын-аулақ малын бағумен айналысады. 

Ал, жастардың көбі екі қолға бір күрек табылмаған соң қалаға қарай беттеді. Кейбіреуі үйлерін тастап та көшіп кеткен. Барсаңыз, Қытайдың жері мен елін дүрбісіз-ақ еркін көре аласыз. Шекара тиіп тұр. Жергілікті халықтың алаңдайтыны - осы. Ауылға аудан орталығы мәртебесін қайтарып берсе деп тілейді.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу