Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - әлемде бір-бірімен ең жиі кездесетін Президенттер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - әлемде бір-бірімен ең жиі кездесетін Президенттер

05.03.2017
Соңғы 2 жылда Қазақстан мен Ресейдің арасындағы экономикалық көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Дерек көздері сауда-саттық 16 пайызға төмендегенін айтады. Бұл әрине әлемдік нарықтың құбылуынан туындап отыр.

Сондықтан, алыс-берісті реттеу үшін аралас-құраластықтың жаңа көкжиектерін кеңіткен жөн. Бұл тақырыпты қазақ пен орыс басшысы апта басында Алатаудың етегінде өткен екі жақты кездесуде талқылады.

Екеуара басқосуда Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғарыш пен энергетика салалары бойынша бірқатар мәселе талқыланды.


Дулат НУРКИН

Хабарламаларға жазылу