«Ақтастағы Ахико» спектаклін бас кейіпкер Ахиконың өзі тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтастағы Ахико» спектаклін бас кейіпкер Ахиконың өзі тамашалады

04.12.2016
Көзіне жас алған көрермендердің ортасында Ахиконың өзі де отырды. Спектакль емес, Ахико сахнадан өз өмірін көріп отыр. Сезініп отыр, жан дүниесі аласапыран. Кейде мұның бәрі өз басынан өтпегендей. Мұндай жан төзгісіз азапқа адамзат баласының шыдауы да өтірік сияқты көрінеді. Сахнаға қарап отырып, өз өміріне шегініс, лирикалық емес, тарихи шегініс жасайды.

Ахико өмір бойы қарапайым жұмысшы болады. Басынан өткенді тірі жанға сыр қылып, болмаса батырмын деп жыр қылып айтпаған.


Айнұр ОМАР

Хабарламаларға жазылу