Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласы кәсіпкерлік пен өндірістің дамуына қолайлы аймақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласы кәсіпкерлік пен өндірістің дамуына қолайлы аймақ

13.12.2014
Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласы кәсіпкерлік пен өндірістің дамуына қолайлы аймақ

Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласы бүгінде кәсіпкерлік пен өндірістің дамуына қолайлы аймақ болып отыр. Бір кездері тірлігі шатқаяқтап кеткен шаһардың еңсе тіктеуіне шағын қалаларды дамыту бағдарламасы серпін берді. Бүгінде көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, халық қайта шоғырлана бастады. Елбасы Жолдауындағы орта және шағын бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау туралы тапсырмасы енді өндірісті кенттің әрі қарай өсіп өркендеуіне жол ашпақшы.

Шағын және орта кәсіпкерліктен қала қазынасына биыл 62 миллион теңге кіріс түскен. Бұл былтырғыдан 12 миллионға артық. Тірлігі түзелген шағын шаһар осылайша айналасына шағын ауылдардың шоғырлануына, олардың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізгелі отыр. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу