Кейкі батыр туралы ел не біледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кейкі батыр туралы ел не біледі?

28.08.2016
Кейкі батыр туралы ел не біледі?

Кеше ғана аяқталған Олимпиаданы көріп отырып ойға қалдық. Қазақтың жанына  жақын, қанында бар қасиеттің  бірі - мергендік еді ғой. Ұлан-ғайыр даланы қорғау үшін бабаларымыздың қолынан қару түспеген. Сол мергендер дәстүрі үзілмегенде, кешегі Олимпиадада нысана көздеуден талай алтын қоржынға түсер еді. Біз мұны неге айтып отырмыз?

Қазақта Кейкі деген керемет мерген өткен. Халық Аманкелдіні «көзмерген», Кейкіні «қолмерген» деп атаған. Яғни, Кейкі бабамыз батырлығымен қоса, көздемей атып дөп тигізетін айрықша қасиет иесі болған.

Жуырда еліміздің Үкімет басшысы ресейлік әріптесімен кездесу барысында осы Кейкі батыр мен Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтару мәселесін қозғаған болатын. Қазір ел арасын аты аңызға айналған Кейкі мерген жайлы әңгіме кернеп тұр.

Әлімжан САБЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу