Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесу өткізді

17.04.2016
Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесу өткізді
Тараптар екі елдің достық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев саммит аясында Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесу өткізді. Тараптар екі елдің достық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Қос басшы терроризм мен экстремизмге қарсы жаһандық іс-қимыл мәселелері бойынша да пікір алмасты.

Бұдан кейін, Мемлекет басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен жүздесті. Президенттер екіжақты сауда-экономикалық қатынастың кейбір тұстарын сөз етіп,Еуразиялық экономикалық одақ аясында байланысты нығайта түсуге уағдаласты.

Халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған кесел — террор тақырыбы да әңгіме болды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко саммиттің қорытынды құжаты әлемнің қауіпсіздігіне ықпал етеді деген сенімдерін білдірді.

Беларусь елі Ислам ынтымақтастық ұйымы жиынына байқаушы мемлекет ретінде қатысты.

Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу