Елбасы Брюссельде бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізді.
Президент АҚШ пен Куба сапарының алдында Бельгияға да аялдады. Президент Брюссельде бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізді. Қалай дегенмен де, ЕО саудадағы Қазақстанның ең ірі әріптесі.
Сыртқы сауданың 50 пайызы яғни, тең жарымы Еуропа мемлекеттерімен жүреді. Бұл заманның ең игі ісі сауда десек, Еуропа нарығы Қазақстан үшін аса маңызды. Жақында ғана содырлар сойқанын бастан өткерген Бельгия үрейден толық арылған жоқ.
Дегенмен, дәуірлер бойы қалыптасқан еуропалық төзім, еуропалық мінез, еуропалық қалып бұл мәселеде де тез ес жиғызғаны анық. Мемлекет басшысы террорлық акт құрбандарын еске алып, халықтың өзі жасап алған ескерткіш мекенге гүл қойды. Ал, жоғары лауазым иелерімен кездесуде екіжақты қарым-қатынас мәселері сөз болды.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Қазақстан үшін Еуропалық одақ саяси һәм экономикалық әріптестің бірі. Ал, Қазақстан біріккен Еуропаның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. Ұйыммен дипломатиялық байланыс орнатқан 23 жыл ішінде екіжақты қарым-қатынас қарыстап емес, қарыштап дамып келеді. Былтыр өзара сауда айналымы 31 миллиард долларды құраса, соңғы 10 жылда шетелдік инвесторлар Қазақстан экономикасына 100 миллиард доллардан астам қаржы құйған.
Инвестицияның басым бөлігі отын-энергетика саласына бөлінді. Еуропа елдері қазақстандық энергоресурстарға зәру. Бір ғана мысал. Еуропадағы ұшақтарды жасауға пайдаланылатын титанның 50 пайызы бізден алынады.
Германия мен Австрияда жанар-жағар майдың әрбір үшінші литрі қазақстандық мұнайдан өндірілген. Демек, алыс-берісті арттырып, стратегиялық әріптестікті тереңдетуге қос тарап та мүдделі.
Бұрынғы уағдаластықтарды бекемдеп, серіктестіктің жаңа жолдарын айқындау мақсатында Брюссельге сапарлаған Мемлекет басшысы алдымен Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда қарым-қатынасты нығайту жайы сөз болды. Өзара ынтымақ былтыр желтоқсанда Одақ пен Қазақстан арасында бекітілген әріптестік жөніндегі келісім аясында тереңдетіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сегодня Казахстан-единственное государство постсоветского пространства, которое заключило с ЕС соглашение о расширенном партнерстве и сотрудничестве. Этот документ был подписан в прошлом году, наша республика ратифицировала его, поэтому уже с 1 мая мы можем временно применять экономическую часть данного соглашения.
Яғни, жаңа келісімді бекіту Еуропалық одақпен диалогтың жаңа, сапалы деңгейге шыққанын айғақтайды. Серіктестіктің стратегиялық сипаты мен кемелденгенін көрсетеді. Дональд Тускпен емен-жарқын әңгімеден кейін Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті. Ескі достар амандық-саулық сұрасып, естелік суретке түсті. Екеуара жүздесуде екіжақты әріптестіктің әлеуеті талқыға салынды.

Я говорил, о том чтобы, Европа поддержала наши реформы, инвестиции, индустрияльную политику и пригласил на участие в ЭКСПО-2017. Поддержать создание международного финансового центра Астана после проведения этой выставки. Я благодарен, что Вы поздравили меня с выборами прошлого года и парламентскими выборами этого года. Когда наюлюдатели из 60 стран их было больше тысячи, сказали, что у нас выборы проводятся на полной основе демократии и свободы, конкурентоспособности, выполнением всех законов, которых в этих случаях нужно.
Жан-Клод Юнкер, Еуропалық комиссияның төрағасы:
Біз әлемдегі өзекті проблемаларды, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынасты, экономикалық байланысты, Қазақстандағы тың реформаларды талқыладық.
Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақ барлық сала бойынша жақсы дамыған. ЕуроОдақ Қазақ еліне инвестициялық қолдау көрсетуді жалғастыра береді. Осы ретте, біз өңірлік проблемаларды шешуде аймақтағы көшбасшы ретінде Қазақстанның бітімгерлік ықпалына үміт артамыз.
Аймақ демекші, басқосуда Украина дағдарысы, Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері де сөз болды. Тараптар бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Визалық рәсімді жеңілдету жайы да назардан тыс қалмады. Еуропалықтар біздің елге 15-30 күнге визасыз емін-еркін сапарлай алады.
Нұрсұлтан Назарбаев енді дәл осындай жеңілдік кәрі құрлыққа қыдырғысы келген қазақстандықтарға да жасалса деген тілек білдірді. Сондай-ақ, Елбасы қазақстандық әуе компаниялардың ЕуроОдақ елдеріне қатынауына салынған шектеулерді алып тастау мәселесін көтерді.

Мы считаем что никаких проблем по качеству по всем вопросам мы не имеем. Мы нашли общий язык по всем поднятым вопросам полное взаимопонимание. Я огромную благодарность проявляю Юнкеру и приглашаю его посетит Казахстан.
Еурокомиссия төрағасы да халқының аманатын арқалай келген Қазақ Президентіне алғысын білдірді. Әрі жаңа келісім аясында талай тың жобаларды жұмыла жүзеге асыруға келісті.
Сапардың ресми бөлімінен соң, Мемлекет басшысы Брюссельдегі «Мальбек» метро станциясында 22 наурызда болған лаңкестік құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Барша бельгиялықтарға қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
Елбасы Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайтынын және осындай қиын кезеңде Бельгия халқына барынша қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Еуропалық одақ та лаңкестікпен күресте Қазақстанның көмегіне үлкен үміт артады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ