Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығы (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығы (БЕЙНЕБАЯН)

14.02.2016
Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығы (БЕЙНЕБАЯН)
Ақынның алтын қорда сақталған өзі оқыған өлеңінен үзінді тыңдаңыздар.

Осы аптадағы тағы бір айтулы оқиғаны айтсақ дейміз. Тоғызыншы ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өмірге келген күн. Сексен бес жылдығы. Жастар жалындап жырын жатқа айтты, көзін көргендер егіле еске алды.

Бір құдіретті жырында өзі жазып кеткендей: «...Ақ ұлпа жерді жапқанда, Ағаштар сырға таққанда, Бозарып атқан ақ таңда, Бозарып тұрып ақпанда...» есімізге алдық.

Ал қазір «Қазақстан» телерадио корпорациясына қарасты Қазақ радиосының Алтын қорынан алынған ақынның өзі оқыған өлеңінен үзінді тыңдаңыздар.

Халила АМАНҚҰЛ

Хабарламаларға жазылу