12 мың адамдық «Мұз сарайының» құрылысы күн санап қарқын алып келеді.
Тура бір жылдан соң, яғни 2017-ші жылдың 29-ші қаңтарында Алматыда Универсиада басталады. Үлкен бәсекеге үлкен шаһар қазір мықтап әзірленіп жатыр.
Жарыс үшін үлкен-үлкен спорттық үш кешен салынбақ. Шаһар басшылығы осы аптада құрылыс кәсіпкерлерімен тағы бір кездесіп, дайындықты пысықтады.
12 мың адамдық «Мұз сарайының» құрылысы күн санап қарқын алып келеді. Келер жылы өтетін Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты дәл осы сарайда өтеді.
Сондықтан, ел назары да, әлем назары да осында. Жарыс уақытында кешеннің негізгі алаңында мәнерлеп сырғанаушылар бақ сынайды. Бүгінде құрылыстың 70 пайызы аяқталған. Осы қалпынан таймаса, кешен 9-мамыр күні пайдалануға берілмек.
Константин Козлов, «Мұз аренасы» құрылысын басқарушы директорының орынбасары:
Барлық темір-бетон құю жұмыстары 99 пайызға аяқталды. Енді ішкі жұмыстары мен керекті жабдықтарын орнату басталады. Бұл тек спорт залы емес. Түрлі концерттер, ән кештерін өткізуге ыңғайлы болуы үшін дыбыс пен жарық беру үлгісі де заман талабына сай жасалуда.
Көпсалалы кешеннің әкімшілік ғимараты әзір. Әрлеу мен сәндеу жүріп жатыр. Ал, спорттық су бассейні іске қосылған. Сондай-ақ, керлингке арналған кіші аренаның да алғашқы таныстырылымы өтіп қойды.
Айнадай жарқыраған алаңға бірінші болып балалар шықты. Жас та болса, алаңның сапасын көріп, өздері сырғанап жүрген мұздан әлдеқайда жақсырақ екенін айтты.
Темірлан Сүйіндіков, оқушы:
Біз үш жылдан бері қатысамыз хоккейге. Ол өте жақсы. Үнемі жеңіске жетеміз. Бұл мұз, басқа мұздарға қарағанда жақсырақ. Маған өте ұнайды.
«Мұз сарайынан» 700 метр жерде жап-жаңа қалашық салынып жатыр. Байрақты бәсекеге арналып бой түзеп жатқан нысандардың ерекшесі де осы.
5 мың адамға арналған «Атлетикалық ауылда да» жұмыс қызу. Кешенде қазір бетон құю жұмыстары толық біткен. Үйлердің қабырғасы көтеріліп, жылу, су, жарық желілері жүргізіліп жатыр. Тіпті, бірнеше үйде ол жұмыстар да мәреге жеткен.
Амангелді Сейітхан, тілші:
Мына бөлмелер жарысты қабылдауға қазірдің өзінде 100 пайыз дайын. Міне, көріп тұрғандарыңыздай, тұрмысқа қажетті жиһаздардың барлығы орнатылған. Қазір осындай 9 қабатты 170 пәтерлік 3 үйге жылу, су құбырлары мен жарық желілері тартылып, құрылыс жұмыстары толыққанды аяқталған.
Қалғандары жаз айларында ашылады. Сөйтіп, 1-тамызда қалашықтың аумағын безендіру жұмыстары басталады. Мың жарымға жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтыған «Атлетикалық ауылдың» аумағында инфрақұрылым да жүйелі жоспарланған. Қуантарлығы, құрылысқа қажетті заттардың дені - қазақстандық өнімдер.
Нұргелді Әбжаппаров, «Универсиада ойындарын өткізу дирекциясы» директорының орынбасары:
Құрылыс барысында қазақстандық қамту жұмыстары да 50 пайыздан асады. 1 жарым мыңнан астам қазақстандық мекемелер қатысып жатыр. Еліміздегі жағдайға байланысты, біз әрине Универсиаданың жалпы бюджетін 17 миллиард теңгеге дейін қысқарттық. Бірақ, соның өзінде жұмыс орындары қысқартылған жоқ. Осы құрылыстар барысында 50 мыңнан астам жұмыс орыны ашылды.
Жаңадан бой көтеретін 3-ші нысан 3 мың адамдық «Мұз аренасы». Мұнда алғашқы мұз 22 - наурызда төселеді. Ал, кешеннің шайбалы хоккей шеберлері өнер көрсететін басты алаңы 6 - шілдеде Астана күні ашылады. 3 нысанды да бекітілген мерзімде іске қосу мердігердің міндеті. Өйткені, мұндай бәсеке ТМД төңірегінде тұңғыш өтеді.
Сондықтан, жарыс басталғанға дейін сапасын тексеріп, сынақтық бәсекелер өткізу қажет. Бастысы, бұл нысандар әрқашан ел игілігіне жарауы тиіс. Ол мәселені кәсіпкерлер талқылауда. Бизнес өкілдері үшін табыс кілті осында.
Өйткені, көп салалы кешендер тек қысқы спорт түріне арналмаған. Мәселен, жазда мұз төсенішін алып тастап, волейбол, баскетбол, шағын-футбол жарыстарын өткізуге қолайлы.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
Универсиада – ең алдымен, қалада бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін, қалалықтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін әлеуметтік жоба. Қазақстандық мазмұн үлесін арттыру үшін құны 20 миллиард теңге болатын меморандумдарға қол қойылды. Бұл- салықтар, жұмыс орнын сақтап қалу.
Бүгінде Универсиадаға қатысатын елдердің делегация құрамын тіркеу басталды. Жастардың бәсекесіне 55 елден 2 мың спортшы келмек. Дүбірлі доданы теледидар арқылы 80 елден 1 миллиард көрермен тамашалайды.
Ал, Алматыға 30 мыңнан астам турист ат басын бұрады. Осыған орай, «Шымбұлақ» пен «Медеудің» де мүмкіндігін күшейту күн тәртібінде. Өйткені, мұз айдынына биылдың өзінде 260 мыңнан астам адам келген.
Бұл өткен жылғы маусымдағы көрсеткіштен 60 мың адамға артық. Әрі «Шымбұлақта» сырғанаушылар саны былтырғыдан 20 пайызға өскен. Сондықтан, жазда «Медеу» мен «Шымбұлақта» да күрделі жөндеу жүргізіледі.
Себебі, Универсиадаға келгендер, бірінші, біздің туризмді көреді. Көңілінен шықса, көп елге айта жүреді. Басты мақсат та – осы.
Амангелді СЕЙІТХАН