Жолдауға қатысты қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдауға қатысты қызықты деректер

06.12.2015
Жолдауға қатысты қызықты деректер
Жолдау басталғалы республикалық және аймақтық ақпарат құралдарының таралымы 70 миллион данадан асқан.

Енді Жолдаудың тарихына қатысты көпшілікке қызық бірер ақпарат. Мемлекет басшысының Халыққа Жолдауы алғаш рет жаңа қабылданған Ата заңға сай 1995-жылы жарияланды.

Сол тоқсаныншы жылдары үш жылғы Жолдау қатырынан Алматы қаласында жарияланса, 1998 жылдан бастап Елбасы Жолдауы Елордада жолданып келеді. Жолдау басталғалы республикалық және аймақтық ақпарат құралдарының таралымы 70 миллион данадан асқан.

Ал, барлық Жолдауларда ең жиі айтылған 10 сөз мыналар: «мемлекет», «экономика», «сапа», «инновация», «әлемуеттік», «қауіпсіздік», «бейбітшілік», «бірлік», «бәсекеге қабілеттілік» және «бизнес» деген сөздер.

Президенттің ең қысқа Жолдауы 1999 жылы жасалған - 1436 сөз, ең ұзағы 2013 жылы жасалған - 15 465 сөз. Ғаламторда қазір Президент Жолдауына қатысты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қазір 5 миллионнан астам сілтеме бар. Сондай-ақ, былтыр бір жылда екі Жолдау жарияланды.

Ол 17 қаңтарда болған «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және 11 қарашада болған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдаулар. Әрі Президенттің Жолдаулары жыл сайын 15 елдің тіліне тәржімаланған екен.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу