Тұңғыш Президент қорына барып, қоғамдық ұйымның атқарған жұмысына қатысты кеңес өткізді.
«Алматы - үлкен қала, оны басқару оңай емес. Қаладағы жағдай терең талдауды қажет етеді. Инвестиция тарту, мемлекет пен жеке меншік арасында әріптестікті дамыту қазіргі жұмыстың негізгі бағыты болуы тиіс».
Бұл – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдап отырып айтқаны. Ақыл да, кеңес нышаны да, тапсырма да бар аңдағанға.
Азаттықпен басталған урбанизация процесі толастағанымен, түгесілген жоқ. Оның үстіне халықаралық миграция да үдеп тұр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай кезеңде құқықтық тәртіпке айрықша көңіл бөлуді тапсырды.
Тағы бір мәселе – жаһан бойынша террорлық қатер ұлғайды. Яғни, қаладағы құқық қорғау органдарының бір-бірімен үйлесімді қызмет етуі маңызды. Президент бұл мәселеге де тоқталды.
Ал, өз кезегінде Бауыржан Байбек қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, инфрақұрылымдық бағдарламалардың жүзеге асуы жайын баяндады. Соңында Президент мегаполистің ерекшеліктерін ескере отырып, шаһарда жөнге келтіретін жұмыстың көптігін және бір ескертті.
Алматыға сапары кезінде шаһардың бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады. Тұңғыш Президент Қорына барып, қоғамдық ұйымның атқарған жұмысына қатысты кеңес өткізді.
Тұңғыш Президент Қоры. Елбасы жұмыс сапары барысында ат басын бұрған маңызды нысандардың бірі. 2000 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған. Қордың тарихы – терең, мәні – зор. Мақсаты – айқын.
Ұлт көшбасшысының саясаты мен идеясын қалыптастыру жолында ел дамуына үлес қосып жүрген жастарды қолдау, қаржылай демеу көрсету. Қор құрылғалы бері талай таланттың тұсауын кесті.
Әр жаңа идея, әр ғылыми жоба, әр дарынды жас – Қордың назарында. Әсіресе, жас ғалымдар. Нұрхат Жәкиев солардың бірі. Назарбаев университеті жанындағы Энергетикалық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері. Физика мамандығының PhD докторы.
2006 жылы Батыс Қазақстан облысында жас ғалымдар кеңесін құрып, талай жастың әлеуетін ашты. Өз ізімен ғалымға баулыды. Саланы дамытты. Нәтижесінде, Тұңғыш Президент Қорынан 1 миллион теңгенің қаржылай көмегіне ие болды.
Нұрхат Жәкиев, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты:
Жас ғалымдар кеңесінің жанында студенттік ғылыми қоғамдар, студенттік ғылыми үйірмелер жинақталып, үлкен құрылымға айналдық. Сол үлкен құрылым жүйелі түрде жасалып жатқан жұмыстарын Тұңғыш Президент Қорына көрсете алдық. Нәтижесінде оң бағалап, үздік танылдық.
Вадим Хасановтың да еңбегі еленді. Биология ғылымдарының кандидаты, картоптағы вирусты әп-сәтте анықтап беретін отандық жүйені жасаған. Бұған дейін көкөністегі қауіпті дертті анықтауға Қазақстан қыруар қаржы, қымбат уақытын рәсуә еткен. Енді өйтпейді. Ғалымның ойлап тапқан тесті, бір уақытта картоптағы 6 вирусты айқындай алады.
Вадим Хасанов, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты:
Бұл тест сызығы небәрі 10 минуттың ішінде картоптағы вирустың бірнеше түрін анықтап береді. Оған арнайы дайындықтың немесе маманның керегі жоқ. Кез келген зертханашы немесе фермер қолдана алады. Картоп селекциясы саласындағы осы ғылыми жұмысым бағаланды.
Ал, Гаухар Тасбергенова мәдениет саласының майталманы. Музыкалық аспаптардың королі саналатын пианиноның хас шебері. 15 жылдан бері әлем сахнасын бағындырып, шетелдіктерді қазақ әуенімен тамсандырып келеді. Жүлделері де жетерлік. Арасында Тұңғыш Президент Қорының сыйлығы да бар.
Гаухар Тасбергенова, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты:
Біз кеше ғана Қазан қаласында өткен байқауда бірінші-екінші орынды алдық. Сонда қазылардың біреуі, «әне, қараңдар қазақтардан үйреніңдер»,- деді қатысушыларға. Мерейіміз үстем болды.
Біздің осындай жоғары деңгейге көтерілуімізге әлбетте, мемлекеттің қамқорлығы себеп. Тұңғыш Президент Қоры қаншама жастарды демеп, үлкен сахналарға жол ашып беріп жатыр.
Үш кейіпкерімізден бөлек, Қордың шарапатын көріп жатқандар аз емес. Биылдың өзінде Тұңғыш Президент Қоры, мәдениет пен ғылым саласының жас қайраткерлеріне 20 сыйақы берген. Ал, шығармашылық жобаларды қолдау мен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін 9 грант бөлген.
Елбасына есеп берген Қор басшысы, орталықтың негізгі үш бағыт, шығармашыл және ғылыми жастарды қолдау, әлеуметтік бағдардағы жобалар және қайырымдылық шаралар бойынша ілгерілеп жатқанын мәлімдеді.
Сағындық Нұраханов, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры:
Осы жылдың ішінде әлеуметтік, ғылыми және мәдени салада 46 іс-шара өтті. Оған 24 500 адам тартылды. Жыл соңына дейін тағы 17 шара өткізбекпіз. Сондай-ақ, биыл бірнеше жаңа бағдарлама жүзеге асты. Соның ішінде әдеби «Алтын тобылғы» сыйақысы тағайындалды. Нәтижесі желтоқсанда жарияланады.
Қор биыл да Қазақстанның әр түкпіріндегі 80 талантты әрі белсенді жасқа стипендия берген. Жыл сайынғы «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі» аясында 22 үкіметтік емес ұйымға қаржылай көмек көрсетті.
Бұдан бөлек, тасқыннан зардап шеккен әр өңірдегі мың балаға мектепке қажетті құрал-жабдық сатып алынған. Ал, Президент Қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институты, бүгінде Қазақстандағы «ақылды орталықтардың» біріне айналды.
Әлемдік сахнада сөзі өтімді шетелдік зерттеу орталықтарымен әріптестікті тереңдеткен. Оған – таяуда Назарбаев орталығында өткен халықаралық Астана клубының алғашқы отырысында тісқаққан шетелдік сарапшылардың бас қосуы дәлел.
Сұлтан Әкімбеков, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры:
Біз өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқыладық. Біздің институт халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Атқарылған жұмыстың нәтижесі жөнінде Елбасыға баяндадым.
Нақтырақ, Астана клубының жұмысына тоқталдым. Президент клуб жұмысының маңызды екенін айтты. Институтты дамыту үшін жаңа міндеттер жүктеп, жаңа деңгейге көтеруді тапсырды.
Жас дарындар мен ғалымдарды қолдаудағы игі жұмыстарға қанық болған Елбасы, Қордың алдағы жоспарларымен де танысты. Сосын, орталықтағы еліміздің тылсым табиғатынан сыр шерткен «Беймәлім Қазақстан» фотокөрмесін аралады.
Мемлекет басшысы шаһардағы №125 балабақшаға да барды. Бұл - нысан небәрі 85 күннің ішінде су жаңа кейіпке енді. 54 жыл бұрын бой көтерген ескі екіқабатты ғимараттың бүгінде аумағы мен ауқымы кеңейтілді. 216 бүлдіршінге арналған ғимаратта, балаға қажеттінің бәрі бар.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қала бойынша 70 пайыз балабақша бар екен. Бұл жаман емес. Әсіресе, мұндай мекемелерді мемлекетпен бірге ГЧП деген бар. Мемлекет жер береді, су әкеледі, жарығын береді саған, жол салады. Ал мынаны салу, ол бизнестің шаруасы болуы керек.
Алматыдағы бұл балабақша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған алғашқы нысан. Жалпы аумағы 3 жарым мың шаршы метр ескі ғимарат бастан-аяқ жеке кәсіпкердің қаржысына жаңартылды.
Мұрат Әділханов, кәсіпкер:
Біздің кәсіпорындардың дамуына үлкен жан-жақты қолдау бергеннен кейін біз оны іске асыруды, осындай қолдауды жөн көріп, жан-жақты іске асыруды бірінші мақсатымыз деп санадық. Жылдар бойы тапқан өзіміздің қаражаттарды, пайдаларымызды осыны іске асыруға жөн санап, 1 миллиардтан астам қаржы салдық.
Елбасы балабақшаларды салуды жеке секторға беру керектігін үнемі айтып жүреді. Өйткені, бөбекжайға деген сұраныс күн өткен сайын артып отыр. Сондықтан, кәсіпкерлерді тарту арқылы балабақша мәселесі 2020 жылға дейін толық шешілуі тиіс. Кешікпей есігін айқара ашатын жаңа әлеуметтік нысанға әсіресе, ата-ана дән разы.
Тәттібек Мәдиярұлы:
Бұл балабақша заманауи. Дизайны, жиһазы керемет. Мұны тез арада салынады деп ешкім ойламады.
Дидар Аятханқызы:
Елбасының бағдарламасының жемісін көріп отырмыз. Соның бір дәлелі – керемет балабақшаның тұсаукесерінде тұрмыз.
Осыдан кейін Нұрсұлтан Әбішұлы, отандық киім-кешек пен аяқ киім тігетін «ҚазЛегПром» кәсіпорынына барды. Бүгінде осы өндіріс тігетін костюмге сұраныс артқан. Оған - отандық өнімнің алғашқы клиенті Мемлекет басшысының жасаған жарнамасы себеп.

Барша қазақстандықтарға өзіміздің отандық тауарларды, соның ішінде «Мade in Kazakhstan» белгісі бар аяқ киімдер мен костюмдерді сатып алу қажеттігін айтқым келеді. Егер жеңіл өнеркәсіп ілгері басатын болса, сала кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер еңбекақы алып, мемлекетке салық төлейді. Бұл бәріне тиімді – бюджетке түсім түседі, елде өзіміздің өндірген тауарларымыз пайда болады.
Кәсіпорынның киімін іздеп, кезекке тұратындар әлі де еселене түсуі ғажап емес. Президент тағы тегін жарнама жасады. Қазақстанда жасалған өнімді мақтады, киіп те көрді.
«ҚазЛегПром» 2011 жылы ашылған. Кәсіпорын Қазақстанның Қарулы күштері мен өзге де салалардың арнайы киімдерін тігеді. Жылына 1,5 миллион тігін өнімдерін өндіреді. Бұдан бөлек, 400 жұп аяқ киім шығарады.
Соңғы екі жылда өндіріс көлемі 6,8 есеге ұлғайып, 393 миллионнан 3 миллиард теңгеге жуықтады. Ал, шикізаттың 50-60 пайызы отандық материал.
Бақытгүл Мұқанова, «ҚазЛегПром-Алматы» ЖШС цех шебері:
Күніне 600 тігеміз. Егер жұмысымызды көбейтсе, 800-ге дейін жеткіземіз деп отырмыз.
Қазір өнеркәсіп 450 адамды жұмыспен қамтып отыр. 200-ден астам адамды оқытып, осы жерден «екі қолға бір күрек» тауып берген. Мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін өндіріс орны енді халықтың да сұранысын қанағаттандырмақ.
Алдағы уақытта отандық тауарды экспортқа шығаруды көздеп отыр. Осылай, «Қазақстанда жасалған» брендті әлемге танытпақ.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
Айбек ҚОБДАБАЙ