Қазақстан – лаңкестіктің барлық түрін айыптайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – лаңкестіктің барлық түрін айыптайды

15.11.2015
Қазақстан – лаңкестіктің барлық түрін айыптайды
Қазақ Президенті бұл пікірін халықаралық аренада үнемі айтып жүр.

Қазақстан лаңкестіктің барлық түрін батыл айыптайды және жаһан елдері террорға қарсы күресте күш біріктіруі тиіс деген ұстанымға берік. Қазақ Президенті бұл пікірін халықаралық аренада үнемі айтып жүр.

Лаңкестердің лаңы биыл күзде алдымен, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымында кейін БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Саммитінде де көп талқыланған. Нұрсұлтан Назарбаев биік мінберден тағы да табанды ұсыныс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

БҰҰ антитеррорлық коалициясын құрып, зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге және террористік қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеу, ұстау және экстрадициялау бойынша бірыңғай іс-қимыл тетігін әзірлеген жөн. БҰҰ аясында зорлық сипатындағы экстремизмге қарсы барлық қарарлар мен шешімдер ұсыныс сипатынан міндеттеу тұрпатына көшу қажет.

Әлем лидерлерінің басын қосқан БҰҰ-ның саммитінде бұдан бөлек, Қазақ Президенті «Жаһандық стратегиялық бастама - 2045» жоспарын жасауды ұсынды. Мақсат - соғыс пен түрлі қақтығыстарға жол бермейтін бүкіләлемдік жоспар жасау.

Ал, сол қақтығыстардың алдын алу жолдарын зерттеп, іздестіру үшін ЮНЕСКО-ның жанынан бейбітшілік пен орнықты дамуды қолдау жөніндегі халықаралық академия құрылсын деген. Елбасы бұл ойды осы айдың басында Парижге барған сапарында мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін батыл айыптайды. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы әрекеттің әлемдік бірыңғай желісін құруды ұсынамыз.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу