Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық арнаға сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық арнаға сұхбат берді

13.09.2015
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық арнаға сұхбат берді

Тарих тағылымы! Бүкіл Қазақ елі хандықтың 550 жылдық мерекесін тойлауды ресми түрде бастаған сәтте Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада біздің әріптесіміз Еркін Мұхамеджановқа сұхбат берді.

Тарихтан терең сыр шертетін танымдық әңгімеде қазақ ұлтының өткені мен болашағы жан-жақты сөз болып, ұрпақтар сабақтастығының салиқалы жолы дәріптеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Сол хандықтан бүгінгі күнге дейін бабаларымыз жерді, елді, ұлтты аман сақтау үшін жан аямай күресті. Осы сабақтастық бізге бүгін өте керек. Біз мемлекет құруға ұмтылған ата-баба арманын орындадық.

Иә, ата-баба арманы орындалды. Алаш азат ел қазір. Қазақты халықаралық қауымдастық түгел таниды. Елде экономикалық реформалар еңсеріліп, ескіден қалған Жібек жолы жаңғырды.

Еліміз тұңғыш өзінің тәуелсіз Астанасын салды. Бұған біздің ел тек береке мен бірліктің арқасында жеткендіктен тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтауға атсалысуы тиіс, деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Елдің ауызбірлігі бір болғанда қандай жауды да жеңдік. Ал, қазақтың арасын арандатып бір-бірімен баққа таласып, таққа таласқан кезде быт-шыт болып халықтың елдің жойылып кете жаздағанбыз.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу