Қазақстанның үздік тауарлары көпшілікке ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның үздік тауарлары көпшілікке ұсынылды

06.12.2014
Қазақстанның үздік тауарлары көпшілікке ұсынылды

Астанада отандық тауар өндіруші кәсіпорындардың көрмесі өтіп жатыр. Екі күннен бері еліміздің әр аймағынан келген кәсіпкерлер өнеркәсіптік өнімдерімен қатар, азық-түлік, киім-кешектерді әкеліп, көрменің көркін қыздырды. Себебі, бұл қазақстандық тауарлардың танымалдылығын арттырып, қолдауға бағытталған игі шара. Бизнесмендер «Қазақстанның үздік тауары» байқауы жылына бір емес, екі мәрте ұйымдастырылса да артық етпейді»,-дейді. Мұндай бастамалар - кәсіпкерліктің тасын өрге домалатып, оның одан әрі дамуына серпін береді. Сондықтан үміттерін үкілеген кәсіпкерлер байқауда жүлделі орыннан көрінсек, еткен еңбектің еш кетпегені, деп біледі. 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу