Астанада Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті

19.04.2015
Астанада Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті

Біздің ел – көпэтносты. Әр этносқа өз мәдениетін мәйектеп, салт-дәстүрін санасынан шығармауға, керісінше, жыл сайын жаңартуға мүмкіндік бар. Осы апта Астанада өткен Қазақстан халқы достығының фестивалі солардың бір парасы ғана.

19 этномәдени шығармашылық ұжым өздерінің ұлттық дәстүрін ұлықтады. Өз тілдерінде ән айтты, мың бұрала биледі. Орыс, татар, башқұрт бар, болгар, өзбек, күрт те көп.

Мәдени шараның басты мақсаты – еліміздегі халықтар достығын, олардың тарихын жас ұрпаққа насихаттап, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Өзге үшін қазақ жері тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, арманы ортақ өзге этностардың жерұйығына айналды.

Гүлнар Тайгокова, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы:

Биылғы фестиваль Ассамблея жылы аясында өтіп жатыр. Сондықтан, дайындықтары да жоғары. Жоғары дайындықпен келіп, сахнада салт-дәстүрін, мәдениетін көрсетті.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу