Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 30 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 30 пайызға өсті

01.02.2015
Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 30 пайызға өсті

Дағдарыс - дамуға жол ашатын мүмкіндік! Ханзу елінде осындай тәмсіл бар екен. Қазір жаһанды тұтас жаулап үлгерген Қытай тауарларын көріп, олардың дағдарыс берген мүмкіндікті қалай мүлт жібермейтінін бағамдау қиын емес.

Дәл осы Қытайдың таным-түсінігін тиімді пайдаланған Қазақ мемлекеті 2008 жылы басталған халықаралық қаржылық қиындықтарға қарамастан, дағдарыспен арпалысқа қабілет-қауқары жететін индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қабылдағанын қазір екінің бірі біледі.

Міне, осы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асқалы елдегі ішкі жалпы өнім 30 пайызға өсіп, өндірістік секторда жұмыс істейтін адамдардың саны 2008 жылмен салыстырғанда, 120 мыңға артқан.

Қайта өңдеу саласына - 15,9 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылды. Осы бағдарламаның арқасында тек былтырдың өзінде 150 жаңа жоба жүзеге асып, 12 мың тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Ал осы жүзеге асқан жобалар күні кешеге дейін  3,9 триллион теңгенің өнімін шығарған.  Сонымен қатар, индустрияландыру бағдарламасы бойынша өткен төрт жылда  133 миллиард теңгенің өнімі экспортталған.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу